Балаларды қорғау күніне құттықтау

13.06.2024

Қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай Компания аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен мүгедектерге, сондай-ақ Компанияның кен орындарына жақын орналасқан өңірлерге қайырымдылық көмек көрсетеді. Ағымдағы жылы Ембі, Жем, Қандағаш қалаларында, Батпақкөл, Құмжарған, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округтерінде, Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округінде және Ақтөбе қаласы Астана ауданында тұратын балаларға сыйлықтар сатып алынды. Жалпы саны 814 дана ойыншықтар, үстел ойындары, конструкторлар сатып алынды.

Құттықтауларға «Аналар үйі» дағдарыс орталығындағы балаларға қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға назар аудару мақсатында қатысқан Компанияның жас мамандары мен жас қызметкерлерінің кеңесі қосылды. Қызметкерлер балалар киімдерін, ойыншықтарды, сондай-ақ қажетті заттарды табыстады.