Балалар – өмір гүлі

29.07.2011

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ының 20 жылдығы мерейтойы аясында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының жас мамандары осы екі атаулы датаға арналған шараларды ұйымдастырды.

Біздің болашағымыз, ел болашағы болашақ ұрпаққа байланысты, ал олардың бүгінгі жарқын тірлігі аға буын өкілдерінің қамқорлығынан туындайды. Осындай ұстаныммен жас мамандар Компанияның жас достарына, атап айтқанда, Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап бірқатар шараларды ұйымдастырды. Біздің ойымызша, бәрі де сәтті шыққан сияқты. Біз бүлдіршіндерге арнаулы тартулармен қатар жан жылуын, көңіл шуағын сыйлауға ниеттендік. Сонымен, біз балаларды Ақтөбе қаласында футбол матчын көруге және ктнотеатрда мультфильмды тамашалауға шақырдық. Шақыруымызды түрлі жастағы балалар қуана қарсы алды (футболға 12-16 жастағы жасөспірімдер, ал кинотеатрға 7-10 жастағы жеткіншектер барды). Балалармен бірге болған сәттерімізде біз өзіміз балалық шаққа қайта оралғандай болдық – әткеншек тептік, түрлі ойын ойнадық. Осындай шуақты сәттер жиі қайталанса, нұрға нұр!

Балаларды шығарып салар сәтте бәріміз де қатты толқыдық. Менің ойымша, құрдастарым – жас мамандар осы кездесуден үлкен ләззат алып, шаттыққ бөленіп, балалар әлеміне бір табан жақындаған секілді.

Құрманалина Динара, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС жас мамандар және жас қызметкерлер кеңесі төрағасының орынбасары