Балаларға базарлық

18.06.2014

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері үшін Балаларды қорғаудың халықаралық күні айрықша мейрам болып табылады. Бұл күн ешқашан да атаусыз қалмайды және жас достарына мұнайшылар қауымы ешқашан да құр қол бармайды. Әсіресе, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балдырғандарғ ерекше назарда.

Міне, биылғы халықаралық күн де жоғары деңгейде өтті. Компания балалар үшін естен кетпес мереке ұйымдастырды. Жақсы өткені соншалық, балалар келесі жылғы маусымды сағына күтіп, ағалар мен апалар бізге тағы қандай сый әзірлер екен деп көңілдеріне үлкен үміт ұялатқандай.

Ал «Тауға» кеттік бәріміз!

31 мамырда Серіктестік қызметкерлерінің балаларын «Тау» демалыс базасында кімдер қарсы алды дейсіздер ғой? Ертегі кейіпкерлері! Клоун мен клоунесса, Супермен мен Ақшақар, Микки және Мини Маус! Балалар тамашадай екі сағаттың қалай өткеннін тіпті байқамай да қалды.

Түрлі қызықты ойын ойнап, би билеп құмарлары қанған сәтте оларға сиқырлы сабын көбіктерінен, әуе шарларынан шашу да шашылды. Сосын суретшілерге кезек келді, олар балдырғандардың жүздеріне күлкілі әзіл суреттерді салуға кірісті. Фотоға да түсті ескерткішке. Бұл да бір қызық болды, өйткені әшейінде мұндай «өнерпаздыққа» қатаң ата-аналары рұқса бере қояр ма екен?

Жас бүлдіршіндер мен олардың папалары мен мамалары осы күні таза ауада, жасыл желек ортасында көңілді демалып, қалаға қайтуға тым асыға қоймады да…

Жайсаң

Жайсаңда балалар тәрбиелейтін арнаулы білім мекемесі бар, онда 120-дай бала тұрады. Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай мұнайшылар тумбочкалар мен жұмсақ ойыншықтарды тарту етті.

Тумбочкалар – бір өте керек жиһаз екен, әркм өзінің жеке заттарын соның ішінде сақтайтын болады енді. Сыйлықтарды жас ұландар бірден пайдаға жаратты, жатын бөлмелерге де көрік кірді: тумбочкалардың үстіне біреулері вазаға әдемі гүл салса, екіншілері жаңа ойыншықтарын, «Қазақойл Ақтөбеден» келген қонақтармен бірге түскен суреттерін көрмеге қойып жатты.

Алға

Осы күндері жас мамандар мен жас қызметкерлер кеңесінің (жастар ұйымының) мүшелері әдеттегідей қамқорлығындағы Алға балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерді мейраммен құттықтады. Мұнайшы жастар кездесу есте қалсын деп өздерімен бірге балалар ертегісінің танымал персонаждары – Маша мен Аюды ала барды. Балалар Машамен, Аюмен ойнап, би билеп, суретке де түсіп, мәз-мейрам болып қалды.

Кездесу соңында мини-футболдан дәстүрлі жолдастық кездесу өтті.

Қызығы сол, бұл жолы ересектер балалардан 8:11 есебімен ұтылып қалды. Кубокты жас аяққоп шеберлері иеленді. Жеңіліс тапқан команда мүшелері арасында: «Біз әлі есемізді қайтарамыз!» – деп қалжыңдап та жатты.

Балалар үйінің барлық тәрбиленушілеріне ойыншық – ұшатын «жыландар» тарту етілді. Баланың аты бала ғой, бірден іске кірісіп, «жыландарды» құрастырып, аспанға ұшыра бастады. Мүмкін, осы қанатты ойыншықпен бірге олар көкке асыл армандарын, тілектерін аяқсыз қалмасын деп жіберіп жатқа да болар… Арман-тілектерің орындалады, балалар! Өйткені, бұл шын көңілден шыққан жоралғы-тарту ғой!

Хромтау

Бұл күні «Қазақойл Ақтөбе» жастары Хромтау балалар үйінің де есігін қақты: Серіктестік демеуші ретінде Ақтөбе облысының экология департамент ұйымдастырған балалар конкурсына демеушлік көмек көрсетті. Хромтаулық команда жүлдеге – кір жуатын машинаға ие болды.

Бірлік пен Жарқамыс

Шалғайдағы Бірлік (Мұғалжар ауданы) және Жарқамыс (Байғанин ауданы) ауылдарының балалары бұл күннің міндетті түрде аталып өтетініне еш шүбә келтірмеген-ді. Солай болды да!

Мереке қонақтары – клоундар мен мультфильм кейіпкері Маша ішке кіргенде балалар оларды ду қол шапалақтап, шаттана қарсы алды. Олар балаларды үйіріп әкетіп, ортаға биге шақырып, шыр дөңгелетті, ойын ойнатты. Арты әуе шарларына ұласты: ал кмі тез үреді, кімнің шары ең үлкен?

«Дәу сабын көбіктері» шоуы мерекенің апогейіне, шыған шегіне айналды десек, артық болмас! Балалар уда-шу, мәз-мейрам!

Компания Балалар елін ешқашан да ұмытпай, қажет кезде қолдап, демеп, көмек көрсетіп отырады. Өйткені балаларымыздың бақытты болуы, келешекте тамаша ата-ана, абзал азамат болулары ләзім.

Газета «Актюбинский Вестник»
Ляззат ЕГИБАЕВА