Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында боулингтен турнир

04.01.2017

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуіне орай, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-інің жас мамандар мен жас жұмысшылар кеңесі Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мерекелік іс-шараны ұйымдастырған. Балалар үйінің директоры К.Ж. Байғазинаның айтуынша, балалар, алдында Компаниямен өткізілген іс-шаралар мен сайыстарды әлденеше рет еске алып, осы кездесуді көптен бері күткен еді. ЖМжЖЖК қамын ойлап жатқан, қадірлейтін адамдарға әрдайым өз сезімін біртума және ерекше түрінде білдіруге тырысады. Сондықтан, біздің компаниямызбен ұйымдастырылатын мерекелер біздің кішкентай достарымыздың естерінде көпке дейін қалады. Бұл жолы, Тәуелсіздікті мерекелеу аясында, Кеңес тарапынан боулингтен турнирді ұйымдастыруға шешім қабылданған.

        Турнир өте көңілді, өте қызық өтті, ойын барысында біздің жас әріптестеріміз қысқаша нұсқамалықты өткізген, балалардың кейбірлері кегельдерді құлату әдісін білген, бірақ кейбірлер үшін бұл бірінші рет болыпты. Кішкентай ойыншыларымыз бірнеше сәтсіз лақтырғаннан кейін, кегельдерді қағуға ыңғайландырған, одан кейін залда жиі-жиі қуанышты айғайлар естіліп тұрды. Ойынның достық сипатына қарамастан, барлық ойыншылар үздік ойынды көрсетуге тырысқан, бәсекелестік үстінде ойын жолдарында жеңіске үміткерлер пайда болған. Осылайша, боулинг шарларын әрең-әрең көтеріп, мүлде жас Вячеслав бірнеше страйктарды соғып, «Страйк» деп аталатын өз командысын ардақты бірінші орынға жеткізген.

        Қатысқан адамдардың барлығы ойынның ләззатын алды! Мерекелік дастарханнан кейін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС атынан жеңімпаз-командаларды құрметті грамоталармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

        Балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерін епті ойыншылар ретінде ғана емес, өтке жақсы бишілер ретінде де көрсеткен. Еліктірер ойын мен дәмді астан кейін барлығы үшін көңілді дискотека ұйымдастырылған.  

                Мейрам аяқталды! Балалар өте қуанышты, үлкендер де разы болған. Соңғылар өз шын, нәзік сезімдерін білдірген. Ойынның әсерінде қалып, олар жас достарымен келесі жылдағы жаңа кездесулерді талқылауға бастаған.

        Аздап шаршаған, бірақ разы болған балалар жолға жиналуға кетті. Далаға шыққан кезде, оларды біздің ЖМжЖЖК мүшелерінен  тағы да бір тосын сый күтіп тұр еді…. Балалар өз ардақты тілектерін тілеп, 25 символикалық ақты-көкті шарларды аспанға жіберген. Әрқайсымыз үмітпен жоғарыға қарап, шын жүректен балалар ең ізгі тілектерін тілеген. Балалардың барлығы бақытты өмір сүріп, келешекте е еліміздің тамаша ата-ана және азаматтары болуға тиіс.