Ақтөбеде мұнай-газ саласы мамандарының еңбегі еленді.

10.09.2024

27 тамызда Ақтөбеде Қазақстан мұнайының 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке барысында мұнай өндіруші кәсіпорындардың үздік қызметкерлері марапатталды.

Мұнай-газ компаниялары өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды іске асыра отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына қарасты «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС және «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының қызметкерлеріне мерейтойлық төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Еңбегі еленген мамандарды құттықтауға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов, энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, сала ардагерлері мен басқа да сыйлы қонақтар келді.

Асхат Хасенов құттықтау сөзінде мұнайшыларға жанқиярлық еңбегі мен мамандығына деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, 125 жыл ішінде мұнай саласы Қазақстанның экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.