9 Мамыр – Жеңіс күні!

03.06.2016

Осы жылы мамыр айы халқымыз сүйетін мейрамдар кезеңінен басталды, бірақ маңызды мейрамдардың бірі 9 мамырда мерекеленеді және Ұлы Жеңіс күніне арналған. Соншама ұлағатты мейрамның мерекелеуіне «Қазақойл Ақтөбе» Компаниясы да қатысты.

Мейрамға қарай Компанияның қызметкерлері ардагерлерді тұратын жері бойынша жағымды мақсатпен кіріп шыққан – келе жатқан мейрамымен құттықтап, бағалы сыйлықтарды сыйлаған.

Осылайшай, Ұлы Отан Соғыстың ардагері – О.Т. Жалмағамбетке «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне жолдама сыйлыққа берілді (Ақмола облысы, Борабай ауданы). Компанияның қызметкерлері Өтеш Төлегеновичті құттықтап, оған шипажайда денсаулықты нығайтуға және ұзақ бақытты өмір сүруге тілеген.

Сонымен қатар, Компанияның қызметкерлері Мұғалжар ауданның Құмжарған ауылдық округінің аумағында тұратын Ұлы Отан соғыстың ардагерлеріне, олардың жесірлері, тыл және еңбек ардагерлері мен Ауған соғыстың қатысушыларына кіріп шыққан. Әр қайсысын жеке кұттықтап, оларға тұрмыстық техниканы сыйлаған: мұздатқыш камералар, шаңсорғыштар, үтіктер мен термопоттар.

9 мамыр – Ұлы Жеңістің күні, әділеттіліктің салтанаты күні, жаңа өмір туу күні, мәңгілік есте сақтау, жаны күю мен қуаныш, қайғы мен бақыт күні. Біз бәріміз соғыстың зілін тозып және Жеңісті қорғап қалған адамдардың алдында төленбес қарызда боламыз! Ұлы Отан соғыстың батырлар туралы есіміз біздің жүрегтерімізде ешқашан өшілмес!