2023 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «ҚАЗАҚОЙЛ АҚТӨБЕ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
27.07.2023
Кеше, 2023 жылғы 26 шілдеде “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС-де Әлібекмола кен орнында және Қожасай кен орнымен және офиспен бейнеконференцбайланыс форматында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы және ұжымның Компания басшылығымен есептік кездесуі шеңберінде 2023 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлар бойынша кеңес өтті. Дәстүр бойынша ұжымға «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры К.М. Касымгалиев кіріспе сөз сөйлеп, мұнай-газ саласындағы маңызды жобалар мен Компанияның бүгінгі күнге дейін қол жеткізген нәтижелері туралы хабардар етті. Еңбекті қорғауға, қауіпсіздік техникасына және қоршаған ортаға бағытталған өзекті шаралардың ішінде Компания басшысы өзінің еңбек міндеттерін орындаумен айналысатын қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау, сондай-ақ өндірістік қызметтің экожүйеге және қоршаған ортаға ықтимал қолайсыз әсерін азайту және алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударды.