2021 жыл желтоқсан Мини футболдан «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС футбол командасы Чемпион атанды.

13.12.2021

2021 жылдың 13 қараша мен 11 желтоқсан аралығында мини-футболдан Ақтөбе қаласының чемпионаты өткені туралы өздеріңізбен қуана бөліспекшіміз. 

Атаулы  чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда біздің «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС  командасы қаланың Ең мықты лигасында (Премьер-Лига) мерзімінен бұрын Чемпион атанды!

    Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі дәл футбол алаңында өтті! Командамыздың тату ойыны, жеңіске деген құштарлығы мен биік жігері барлық жағдайға қарамастан ең лайықты ойындарды көрсетіп, құрметті орынға ие болуға мүмкіндік берді!

Біздің футбол командамызды жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз!.

Сіздің лайықты жеңісіңізбен, футбол чемпионатындағы алтын медальдарыңызбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!