2021 жыл желтоқсан. Үздік эссе «Тәуелсіздік мұнайшылар көзімен»

01.12.2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Munaily meken» корпоративтік басылымы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында «Тәуелсіздік мұнайшылар көзімен» атты тақырыбында үздік эссеге байқауын жариялаған болатын.

50 қатысушының ішінен, Қазақойл Ақтөбе ЖШС-нің қызметкері Есенгельди Алдияр Азаматұлы – технологиялық қондырғының операторы 1 орынға ие болды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры Чжао Цзичэн «ҚазМұнайГаз» дипломы мен номиналды құны 100 000 (жүз мың) теңге болатын сертификатын табыстап, құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Үздік маман» байқауында Есенгелді Алдияр «Газды дайындау  және өңдеу цехының үздік операторы» номинациясында да 2-орынды иеленген болатын.

Біздің компаниямызда өз саласының кәсіби мамандары ғана емес, сонымен қатар дарынды қызметкерлер қызмет ететінін мақтан тұтамыз!

Қалған қатысушыларға белсенділік танытып, қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!