1 маусым- Балаларды қорғау күні.
01.06.2021
1949 жылы әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы құрылып, 1949 жылы қарашада оның съезінің шешімімен мереке – Халықаралық балаларды қорғау күні бекітілді, ол алғаш рет 1950 жылы аталып өтілді.Атаулы мейрамның негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығының құқықтарын қорғау.
Атаулы мереке қарсаңында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қоғамымыздың осал топтарындағы, көп балалы отбасынан шыққан, аз қамтылған отбасы балаларына, жетім және жартылай жетім балаларға айрықша көңіл бөледі. Жыл сайын мерекелік шаралар ұйымдастырылып, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, ойын-сауық саябағында көңіл көтеру және сыйлықтар берілді табысталатын.
COVID 19-ға байланысты көптеген шараларға шектеу қойылды, сол себепті балалардың аз да болса көңілін аулау мақсатында, 2021 жылы «Казахойл Ақтөбе» ЖШС атынан Батпақкөл және Құмжарған ауылдық округтерінің көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы балаларына сан аулан ойыншықтар түрінде сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар атаулы мереке күні мекемеміздің Жас мамандар кеңесі және жас жұмысшылары дағдарыс орталығының «Аналар үйіндегі» қиын жағдайда қалған сәбилер мен аналарға көңіл бөлу мақсатында, балаларды құттықтап, ойыншықтар мен азық-түлік түрінде сыйлықтарын табыстады.