«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-де есептік кездесу өтті
29.08.2025
2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындылары бойынша компанияның бірінші басшысы ұжыммен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік және қаржылық-экономикалық қызметінің негізгі нәтижелері талқыланып, қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы міндеттер айтылды. Басшы өндірістік жоспарлардың орындалуы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы оң көрсеткіштерге, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар стратегиялық даму мәселелері, жаңа технологияларды енгізу, өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыру және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бағыттары қарастырылды.
Кездесу барысында қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар басшылық пен ұжым арасындағы ашық диалогты нығайтып, корпоративтік мәдениетті көтеруге және компанияны дамыту жолындағы ортақ мақсаттарға жұмылдыруға ықпал етеді.