«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлер арасында өткен кәсіби шеберлік байқауы
30.07.2025
Қызметкерлерді ынталандыру, корпоративтік мәдениетті нығайту, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және өндірістегі үздік мамандарды анықтау мақсатында «Қазақойл Ақтөбе» кен орнында кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Бұл байқау қызметкерлерге теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын, жинақтаған тәжірибесін және қауіпсіздік пен сапа талаптарын сақтай отырып жұмыс істеу қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.
📌 Байқау екі кезеңнен тұрды:
• Теориялық бөлім – мамандыққа байланысты білім деңгейін, нормативтік құжаттарды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімді тексеру;
• Практикалық бөлім – кәсіби тапсырмаларды орындау барысында:
• жұмыстың сапасы мен дәлдігі;
• еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау;
• тапсырманы нормативтік уақытында орындау;
• құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану сияқты өлшемдер бойынша бағаланды.
💼 Байқауға келесі бағыттар бойынша мамандар қатысты:
• ұңғымаларды зерттеу операторлары;
• технологиялық қондырғылар операторлары;
• технологиялық сорғы және компрессор машинистері;
• химиялық талдау зертханашылары;
• мұнай өндіру және қабаттық қысымды сақтау операторлары және т.б.
👏 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен еңбектеріңіз – Компания табысының басты кепілі.
Бірге даму жолында алға баса берейік!





