«Үздік маман» – 2021 жыл маусым

27.06.2023

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бойынша «Үздік маман 2021 жыл» байқауының қорытындылары

 Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығымен қатар дамып келе жатқан, жас та болса, өңіріміздің мұнай-газ саласындағы зор үлесін қосып, әлеуметтік салада  үлкен жауапкершілікпен өз септігін тигізіп жүрген компания, халықтың әл-ауқатын күшейтіп, жұмыс орындарымен қамтып,  әлеуметтік осал  топтарға қолдау көрсетумен қатар, өз қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруда да белсенді. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың беделін және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік маман» байқауын өткізіп келеді. Маусым айының 21 жұлдызында Әлібекмола және Қожасай кен орындарында  «Қазақойл Ақтөбе» басшылығының қатысуымен атаулы байқау нәтижелері  жарияланды. Байқау талаптарына сәйкес өндірістің жұмысшылары теория және жаттығу тапсырмаларды іс жүзінде, берілген белгілі уақытта сапалы орындап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, құралдарды қолдануы мен кәсіби шеберліктерін көрсету жүзінде бағаланды. «Үздік маман 2021 жыл» байқауында өндіріс опетарорлары, технологиялық қондырғыларының операторлары, технологиялық сорғы машиналары және компрессор технологиясының операторлары мен химиялық талдау лаборанттары сынға түсті.

Үздік маман 2021 жыл байқау қорытындыларына сәйкес арнайы коммиссия келесі жеңімпаздарды анықтады:

ОИТҚ “ӨНДІРУ БОЙЫНША ҮЗДІК ОПЕРАТОРЫ”

1 орын – Бақтыбаев Аманкелді Елібаевич

2 орын-Алдабергенов Айтур Байтуреевич

3 орын- Сарсенбаев Бауржан Каиржанович

ОИТҚ “ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ҮЗДІК ОПЕРАТОРЫ”

1 орын-Утаралинов Азамат Асхатұлы

2 орын – Муканов Есенжол Маратович

3 орын- Кутчанов Серик Рыскалиевич 

ОИТҚ “ҮЗДІК ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЗЕРТХАНАШЫСЫ”

1 орын-Миславский Владимир Анатольевич

2 орын-Аккужиев Асқар Саинович

3 орын – Агилманов Жубаныш Жауенбаевич

ОИТҚ “ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СОРҒЫЛАРДЫҢ ҮЗДІК МАШИНИСІ”

1 орын – Кулсугуров Рустам Нурлыбаевич

2 орын – Базаркулов Габиден Батырбаевич

3 орын- Әлен Әлімжан Мұханбетжанұлы

ОИТҚ “ҮЗДІК ТАУАР ОПЕРАТОРЫ”

1 орын – Айдынбаев Тимур Куатович

2 орын – Айтжанов Чингиз Болатович

3 орын – Мухашев Тимур Бахуадинович

ГДӨЦ және Қожасай ГДУ “Технологиялық қондырғылардың үздік операторы”

1 орын-Көпенов Айсұлтан Тарасұлы

2 орын – Есенгелді Алдияр Азаматұлы

ГКЖКПБ “ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ҮЗДІК ЗЕРТХАНАШЫСЫ”

1 орын-Шурипова Айгуль Кудайбергеновна

2 орын – Мырзагулова Маншук Араловна

3 орын- Шукурбаева  Жанылай  Шокыбаевна

Қожасай ГДӨЦ  және ГДУ “Технологиялық сорғылардың үздік машинисі”

1 орын- Кушегалин Аскар Дабылович 

2 орын-  Буркитбаев Альбек Нарымбаевич 

Қожасай ГДӨЦ  және ГДУ “Технологиялық компрессорлардың үздік машинисі”

1 орын – Битимбаев Данабек Дуйсенбекович

2 орын- Каржаубаев Дидар Ержанович

3 орын-Шашаков Кенжебай Жумабекович

Байқау жеңімпаздары сертификатпен марапатталып, барлық жеңімпаздарға бір жыл ішінде ай сайынғы жалақыларына қосымша бекітілген төлем ақы беріледі.

 Жоғарыдағы байқау жеңімпаздарын жетістіктерімен, мұнай және газ саласы аясында қызмет ететін барша қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, еліміздің баянды болашағы  мен игілігі жолындағы еңбектеріңізге  үлкен жетістіктер мен мол табыстар тілейміз. Кен игеру саласындағы абыройлы істеріңіздің ырысы мен несібесі арта берсін!