«Үздік маман – 2019»

16.09.2019

2019 жылдың қыркүйек айының 1 – 3 жұлдызы аралығында Татарстанның мұнайлы астанасы Альметьевск қ. алғашқы рет өндіріске барып өткізу форматында екінші саты «КазМунайГаз» Компаниясы Тобының қызметкерлерінің арасында «Үздік маман-2019» атты кәсіби шеберлік Байқауы өтті.  

Байқау «Тат Нефть» ЖАҚ өнеркәсіптік алаңдарында ұйымдастырылған болатын.

Байқаудың ақырғы бөлігінде химиялық талдау зертханашысы, тауар операторы, БӨАжА ұстасы, электргаздәнекерлеушісі, электрмонтер, мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор, қабаттық қысымды ұстап тұру жөніндегі оператор, ұңғымаларды зерттеу бойынша оператор, технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі ұста, автокөлік краны машинисті, БҚҚ машинисті, автокөлік жүргізушісі, цементтеу агрегатының моторист-машинисті, токарь, ҰЖЖ бригадасы, ҰКЖ бригадасы, технологиялық қондырғылар операторы, технологиялық сорғылардың машинисті, технологиялық компрессорлар машинисті, мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін химиялық талдау зертханашысы сияқты 18 негізгі және шектес кәсіптерді білдіретін «КазМунайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ 182 қатысушы мәлімделді.        

Байқау нәтижесі бойынша, «Казахойл Актобе» ЖШС келесі мамандары өз шеберліктері мен біліктіліктерін көрсетіп, тамаша қорғай да білді және жеңімпаз болып танылды, олар:

«Химиялық талдаудың ең үздік зертханашысы» номинациясы бойынша: үшінші орын – Ак-Бота Залидоллаевна Рахимова – ОИТҚ Сынақ зертханасы химиялық талдаудың 5 разрядты зертханашысы.

«Ұңғымаларды зерттеу бойынша ең үздік оператор» номинациясы бойынша:  үшінші орын – Алибек Нуржанович Жумырбаев – Ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар учаскесі ұңғымаларды зерттеу бойынша 5 разрядты операторы.

«Технологиялық сорғылардың ең үздік машинисті» номинациясы бойынша:  үшінші орын – Габиден Батырбаевич Базаркулов – Мұнай мен газды әзірлеу цехы технологиялық сорғыларының 5 разрядты машинисті. 

«Технологиялық компрессорлардың ең үздік машинисті» номинациясы бойынша: үшінші орын – Кенжебай Жумабекович Шашаков – Кожасай кен орнының Газ әзірлеу учаскесі технологиялық компрессорларының 6 разрядты машинисті.

Біздің әріптестеріміз – жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шығармашылық және кәсіби жеңістеріңіз еселене берсін демекпіз! Алғыс білдіреміз!