Қожасайда вахталық кент ашылды

12.07.2012

17 мамырда Қожасай кен орнында мұнайшыларға арналған блк-контейнер типті вахталық кенттің салтанатты ашылуы болып өтті.

Ғимараттың жалпы алаңы 969,6 шаршы м құрайды. Онда бір мезгілде 76 вахташы тұра алады. 40 орындақ асханасы, спорт залы бар. Жатын бөлмелер теледидармен, телефон байланысымен және интернет жүйесімен жабдықталған.

Ашылу салтанатына «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры мен «КТП» мердігер компаниясының атқарушы директоры А.И.Гавва қатысты.