Қожасайдағы бас директордың жүлдесі
31.05.2018
Әлібекмола кен орнындағы «Мұнайшы» вахталық поселкесі алаңында Бас директордың жүлдесіне мини- футбол бойынша турнир өтті. Біріншілікті «Жергілікті кәсподақ» БҚ Бас директордың қолдауымен және жас мамандар мен қызметкерлер кеңесімен біріге отырып, ұйымдастырды.
«Бас директордың Жүлдесі» турнирі компания тарихында бірінші рет өтіп отыр. Оған үш команда қатысты – кеңсенің, Қожасай және Әлібекмола кен орындарының құрамалары. Турнир алаңның әр жерінде ауыспалы жетістіктермен өтті. Әдетте, бұндай ойындардан алынатын эмоциялық әсердің қызуы ұзаққа дейін басылмайды. Көрермендер доп кіретін сәттерде орындарынан тұрып, өз құрамаларының мүшелерін қызу қолдап отырды. Ойыншылар осындай шынайы демеуге риза болып, әріптестерінің сенімін ақтауға тырысты.
Алайда, жарыстың аты жарыс, сондықтан жеңімпаз тек біреу ғана болуы тиіс. Ойын қорытындылары бойынша бірінші орынға Қожасай кен орнының командасы, екінші орын-кеңсе, ал үшінші орынды -Әлібекмола кен орны иеленді.
Сондай-ақ, әртүрлі номинацияларда ең үздіктер айқындалды. Ең үздік шабуылшы атағына ие болған, 8 ұпай салған – Ансар Дуржанов, « Үздік қақпашы» – Рустем Кулсугиров.
Жүлделермен салтатантты марапаттау рәсіміне «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры Ринат Ізмұханбет қатысты. Ол номинация жеңімпаздарына дипломдар және Қожасай кен орнының капитанына- жарыс жеңімпазына 160 мың теңгеге сертификат (суретте) табыстады.
– «Бас директордың Жүлдесі» турнирі компанияда бірінші рет өтіп отыр, алайда ол жақсы үрдіске айналатынына және жыл сайын қатысушы командалардың саны арта түсетіндігіне кәміл сенімдімін – деді «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры Ринат Ізмұханбет өз сөзінде.
Ойын кәсіпорынның жеке алаңында өтті. Компания басшылығы осыдан төрт жыл бұрын, 2014 жылғы тамызда компанияның 15 жылдығында өз қызметкерлеріне осындай сыйлық жасаған болатын. Қожасай кен орнында да мини-футбол әуесқойларына арналған осындай алаң орнатылған.
Және бұл компанияның салауатты өмір салтына, денсаулықты нығайтуға, қызметкерлерінің денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру бағытында жасаған қамқорлықтарының бірі ғана.
Компания басшылығы кәсіпорын құрылғаннан бастап, спортқа, оның ішінде мини-футболға ерекше көңіл бөледі. Салынған күш-жігердің әсері зор және ол кәсіпорынның ерекше мақтанышы болып табылады.
Мысалы, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС командасы Астана және Дубаида (Біріккен Араб Эмираты) өткен корпоративті жарыстарда компанияның намысын бірнеше мәрте қорғады. Оның үстіне мини-футбол құрамасы Ақтөе қаласы Чемпионатының жоғарғы лигасына кіреді.
Спортсмендердің үлкен жетістіктерге жетуі – компания басшылығының өз қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын көпшілікке тарату мәселесіне аса назар аударуы нәтижесінде мүмкін болып отыр. Компания орталық кеңседе де, сондай-ақ Мұғалжар және Байғанин аудандарындағы Әлібекмола мен Қожасай кен орындарында да бұқаралық спорттық дамуына барлық жағдайларды туғызуда.
Орталық кеңсе қызметкерлерінің Фитнес-орталықтардың жаттығу залдарында, жүзу бассейндерінде және футбол залдарында компания есебінен өз денсаулығын нығайтуға және үздік спорттық форманы сақтауға орасан зор мүмкіндіктері бар.
Атап айтсақ, әлеуметтік жауапты кәсіпорынның әлеуметтік пакеті осымен шектелмейді. Бұлардың барлығы біріккен кезде, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары топтарының спартакиадаларының іріктемелі турларына батыл қатысуларына мүмкіндік береді.