Қос мереке аясында

30.01.2012

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ының 20-жылдық мерейтойы аясында 2011 жылы «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ында көптеген ұтырлы шаралар өткізілді.

Жыл басында, қаңтар айында жас мамандар кеңесінің мүшелері Ақтөбе қаласында өткен 7-ші қысқы Азиада алауының эстафетасын қатысты. Бұл бүкілазиялық шара спорт қауымдастығының жоғары бағасына ие болды, қазақ спортының тәуелсіздік жылдары қол жеткен тамаша табыстарының жарқын куәсіне айналды. 

30 сәуірде Компания «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» акциясына белсене қатысты. Сол күні біздің ұжым Ақтөбе қаласындағы «Емшан» тұрғын үй кешені, сондай-ақ Мұғалжар ауданындағы «Мұнайшы» вахталық кенті аумағанда жас көшеттер отырғызып, гүл екті. Еңбек мерекесіне ересектермен қатар жас жеткіншектер де белсене қатысты. 

Екі мерейтой аясында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС тұңғыш рет журналистер арасында Компания туралы үздік жарияланым мен фотосурет конкурсын өткізді. Фотоконкурсқа Ақтөбе қаласынан 5 кәсіби фотосуретшы қатысты, үшеу жүлделі орындарды иеленді. Журналистер конкурсының жеңімпаздары төмендегідей номинациялар бойынша марапатталды: «Электрондық БАҚ-тардағы Компания туралы үздік бағдарлама/арнаулы репортаж», «Баспа БАҚ-тарындағы Компания туралы үздік материал»«, «Ақпараттық агенттіктер мен Интернер-ресурстардағы Компания туралы үздік материал». Жеңімпаздарға арнаулы дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды Компанияның Бас директоры Андрей Решетнев табыстады. 

29 шілдеде «20 қайырымдылық сабағы» республикалық акциясы аясында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе қаласындағы аз қамтылған отбасыларына көмек ретінде мүмкіншіліктері шектеулі бес балаға ноутбуктер мен принтерлер тарту етті. 
Дәл сол күні Компания қызметкерлері Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен футболдан жолдастық кездесу өтті. Жасөспірімдерге теледидар, жазғы аяқкиім, сондай-ақ тәттілер тарту етілді. 

Компанияның жас мамандары қоғамдық шралардан қашан да қалыс қалмайды. Жастардың бастамасымен жоғарыда аталған балалар үйінің 20 тәрбиеленушісі үшін қос мереке аясында Ақтөбе қаласындағы стадионда футбол матчын, кинотеатрда мультфильмдерді тамашалару ұйымдастырылды. 

2-3 қыркүйекте Компания қызметкерлері Астана қаласында Каспий өңірі кәсіпорындары тобы арасында өткен ат жарыстарына қатысты. Жарыстар Мұнайшылар күні мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ының 20-жылдық мерейтойына арналған болатын. 

Кең ауқымды шараға Әлібекмола кен орны цехы технологиялық қондырғыларының машинисі болып жұмыс істейтін Ю.А.Багитов белсене қатысты. Ю.А. Ол ағылшын-қостанай тұқымды 7 жасар «Дисплей» атты арғымақты баптайды, әрі жас шәкірті Өтепов Нұрбақытты шабандоздыққа баулып келеді. Осы жарыста бала шабандоз жоғары көрсеткіштерге жетіп, жүлделі екінші және үшінді орындарды иеленді.

Қос мереке аясында дәстүрлі шараларымыз да ұмыт қалған емес.

Мұғалжар ауданында тұратын 33 соғыс ардагеріне, сондай-ақ олармен теңестірілген тыл еңбекшілеріне салтанатты жағдайда естелік сыйлықтар (тұрмыстық техника) табысталды. Компанияда 3 жергілікті соғыс ардагері бар, олар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және ЛУКОЙЛдың 20-жылдық мерейтойына орай ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

27 мамырда «Менің Отаным – Қазақстан» және «Мои родители на работе» тақырыбында . балалар суреттерінің конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсқа Компания қызметкерлеріның баларынан 30-дан астам жұмыс түсті. Конкурс нәтижелері бойынша 6 жеңімпаз балаға бағалы сыйлықтар – музыкалық орталықтар, фотоаппараттар, ұялы телефондар тарту етілді. Арнайы мерекелік дастарқан жайылды. 

Шілде айында Компания бөлімшелері арасында шахмат, бильярд, мини-футбол, волейбол, пневматикалық қарудан ату сияқты спорттың бес түрінен жыл сайынғы дәстүрлі спартакиада өтті.

15 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Компания офисінде салтанатты жиналыста жыл белесіндегі қол жеткен табыстар қорытындыланып, озат мұнайшылар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен “KAZENERGY» Ассоциациясының медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар Компанияның Бас директоры қатарда жүрген еңбек ардагерлеріне ақшалай сыйлықтарды табыстады.

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына, суверенитетті нығайтуға және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Компания басшысы Андрей Решетнев пен оның орынбасары Сәлім Ізімбетов ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.

Және де мына бір қуанышты жайтты атап өтпесек болмайды: осы өткен атаулы жылы қатардағы жұмысшымыз Бисембай Ғалиев Ақтөбе облысы бойынша Жыл адамы атанды, ал кәсіподақ ұйымының төрайымы Лейле Ратиашвили кәсіподақтар қозғалысының 90-жылдығына орай мерекелік медальды кеудесіне тақты.

16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Компания бөлімшелері арасында боулингтен турнир өткізілді, оған 7 команда қатысты. 

Аталған шаралармен қатар ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бірқатар демеушілік игі істер атқарылды. Олардың қатарына теннистен өткен халықаралық турнирдің, қоян-қолтық және шығыс жекпе-жегі бойынша чемпионатты өткізілуін, облыстық газеттің екі журналисінің Азиада ойындарына қатысуын қолдағанымызды атап өтуге болады. 
Аталған шаралар, сөз жоқ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының әлеуметтік жауапкершілігі жоғары Компания және Ақтөбе облысы мұнай өнеркәсібінің көшбасшысы ретіндегі беделінің артуына үлкен ықпал етеді.