«ҚОА» футбол клубының кезекті жеңісі

09.04.2013

Компания аяқдоп командасының жанкүйерлері үшін демалыс күндері – сәуірдің 6-сы мен 7-сі ерекше қуанышты күн болды. «West-Oil» компаниясының 15-жылдығына арналған мини-футбол турнирінде («Қоныс» спорт кешені) біздің аяқдопшылар кезекті жеңіске қол жеткізді.

Турнирге барлығы 11 команда қатысты: 
«Қазақойл Ақтөбе», «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.», «West-Oil», «Гелиос», «Ада-Ойл», «Батыс Жер», «Сан Дриллинг», «ҚазМұнайГаз», «Нефтеметрология», «Кроун +», «Қазақтүрікмұнай». 
Бірінші кезеңде командалар 3 топқа бөлініп бақ сынасты. 
Бірінші ойын күні біздің футболшылар «Батыс Жер», «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» және «Сан Дриллинг» командаларымен кездесті.
Алғашқы күннің нәтижелері төмендегідей болды: 
«Қазақойл Ақтөбе» – «Батыс Жер» 13:4
«Қазақойл Ақтөбе» – «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» 3:0
«Қазақойл Ақтөбе» – «Сан Дриллинг» 3:3
Бірінші күннің нәтижелері бойынша жартылай финалға 4 команда шықты: 
«Қазақойл Ақтөбе», «West-Oil», «Сан Дриллинг», «Кроун +». 
Жартылай финалда біздің команда турнирді ұйымдастырушы «West-Oilмен» кездесті. Біздің жігіттер барын сала ойнады. Ойын өте қызықты өтті. Негізі бұлар күші тең қарсыластар еді. Дегенмен де, ойынның соңғы минутында сәтін салып, кезекті тегеурінді шабуылдың нәтижесінде ҚОА аяқдопшылары өте маңызды жеңіске қол жеткізді, есеп 1:0.

Соымен, финалға екі команда өтті: 
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС пен «Кроун +».

Шешуші ойыннның аты- шешуші ойын. Кездесу өте тартысты өтті. Бұл ойында жанкүйерлер қолдауына сүйенген біздің футболшылар үлкен қайрат-жігер танытып, жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Ұйымшылдықтың нәтижесі айтарлықтай. «қазақойлдықтар» қарсыластарының қақпасына жауапсыз 2 допты соқты. Біздің команда – турнир жеңімпазы! 

АЛ ЖАЛПЫ ТУРНИР НӘТИЖЕЛЕРІ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ:
1-ші орын – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
2-ші орын- «Кроун +» ЖШС
3-ші орын – «Сан Дриллинг» ЖШС

Біздің команданың ойыншысы Бғгдат Әлиев үздік шабуылшы атанып, Құрмет грамотасын иеленді.

Біздің аяқдопшыларға жаңа жеңістер тілейміз.

Біздің командаға осы жолы абырой әкелгендер:

  • Әлиев Б. (лаборатория)
  • Унашев С. (МГДЦ)
  • Құлсүгіров Р.(ҒЗӨЖУ)
  • Савинов Е.(лаборатория)
  • Ораз Р.(әкімшілік бөлім)
  • Данабаев Б. (әкімшілік бөлім)
  • Шорманов А. .(ҒЗӨЖУ)