«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының мұнай өндіруде 10 миллион тонналық межеге жетуіне орай мини-футболдан өткен турнир

21.06.2013

27-28 сәуірде «Қоныс» спорт сарайында біздің Компанияның ұйымдастыруымен Каспий өңірі командалары арасында мини-футболдан турнир өтті. Турнирге 5 команда қатысты: «Қарақұдықмұнай» (Ақтау қаласы), «Торғай-Петролеум» (Қызылорда қаласы), «Бузачи Оперейтинг Лтд» (Ақтау қаласы), «Арман» (Ақтау қаласы) және «Қазақойл Ақтөбе» (Ақтөбе қаласы).
Турнирдің салтанатты ашылуында Компанияның Бас директоры А.В. Решетнев құттықтау сөз сөйлеп, футболшыларға әдемі ойын мен жеңіс тіледі.

Бұл шарадан кәсіпорынның жас мамандар мен жас қызметкерлер кеңесі тыс қалмады. Жастар турнирдің ашылу рәсімін қазақтың ұлттық биін билеп құлпырта түсті. Ең бастысы, олар біздің команданы қызу қолдап, көтермелеп отырды.

Турнир айналымдық жүйемен өтті.

Алғашқы ойын күні ойын кестесіне сәйкес мына командалар бір-бірімен кездесті: Қазақойл Ақтөбе-Арман, Торғай-Петролеум-Қарақұдықмұнай, Арман-Бузачи Оперейтинг, Қазақойл Ақтөбе-Қарақұдықмұнай, Торғай-Петролеум- Бузачи Оперейтинг.

Әсіресе, бұл күні Торғай-Петролеум-Қарақұдықмұнай, Қазақойл Ақтөбе-Қарақұдықмұнай, Торғай-Петролеум-Бузачи Оперейтинг командалары арасындағы ойындар аса тартысты өтті.

Торғай-Петролеум мен Қарақұдықмұнай күші тең қарсыластар болып шықты, сондықтан ойын тең есеппен аяқталды: 3:3.

Қазақойл Ақтөбе мен Қарақұдықмұнай командалары арасында өткен кездесу де әсерлі болды. Жанкүйерлердің қызу қолдауымен бұл ойында біздің аяқдопшылар ұйымшылдық пен жеңіске деген зор жігер танытып, қарсыластарынан басым түсті, есеп біздің пайдамызға 5:2.

Торғай-Петролеум мен Бузачи Оперейтинг арасындағы ойын да қызықты өтті. Бузачи өкілдері көбірек шабуылдап, түбінде жеңіске жетті, есеп 1:4.

Екінші күні мына командалар кездесті: Қазақойл Ақтөбе-Бузачи Оперейтинг, Торғай-Петролеум-Арман, Бузачи Оперейтинг-Қарақұдықмұнай, Қазақойл Ақтөбе- Торғай-Петролеум, Қарақұдықмұнай- Арман.

Осы күні Қазақойл Ақтөбе мен Бузачи Оперейтинг командалары арасындағы есте қаларлықтай қызу өтті. Екі команданың ойыншылары да дес бермеуге тырысты. Нәтиже де заңды, есеп тепе-тең 3:3.

команданың үлесіндегі ұпайлардың тең болып шығуына байланысты Қазақойл Ақтөбе мен Бузачи Оперейтинг командалары арасында «алтын» матч өткізілді. Ақтық сында қай жақ та жеңісті қолдан бермеуге тырысты, дегенмен де біздің қарсылыастарымыздың қимылы сәл ұтқырлау, сәттілеу болып шықты, нәтижесінде біз жеңіліс таптық, есеп қонақтардың пайдасына 1:4 болып аяқталды.

ТУРНИР НӘТИЖЕЛЕРІ:

1 орынға «Бузачи Оперейтинг» командасы ие болды

2 орын –Қазақойл Ақтөбе еншісінде

3 ші жүлделі орынға Қарақұдықмұнай командасы шықты

Турнирдің «Үздік ойыншысы» атағын «Қарақұдықмұнай» ойыншысы Ташенов Жасулан жеңіп алды

Турнирдің салаанатты жабылу рәсімінде оза шыққан командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнир жеңімпазы – «Бузачи Оперейтинг» командасына кубок пен 150 мың теңге мөлшеріндегі материалдық сыйақы табысталды.

Турнир аяқталған соң туриирге қатысушылар үшін «Рахат» мейрамхана кешенінде мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды.