«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының газды кәдеге жарату кешені

17.01.2012

Индустрияландыру күні аясында, 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назабаевтың қатысуымен өткен телекөпірдің барысында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының жаңа газ өңдеу зауыты салтанатты түрде іске қосылды.

Жаңа газ өңдеу зауыты Мғалжар ауданы аумағындағы Әлібекмола мен Қожасай кен орындарында орналасқан. Бүгнгі күні бұл нысан үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында жүзеге асырылатын жобалардың ішіндегі ең ірілерінің бірі. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, БАҚ өкілдері, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ы мен мердігер ұйым – НГСК «КазСтройСервис» АҚ-ының басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ кен орындарына көршілес орналасқан елді мекендердің тұрғындары қатысты.

Кәсіпорын 2012 жылы толық қуатына шығып, 400 млн. текшеметр ілеспе мұнай газын өңдеп, жылына 300 млн. текшеметр құрғақ тауар газын, 45 мың тонна сұйылтылған газды (пропан-бутан қоспасын) және 10 мың тонна түйіршіктелген күкірті өндіретін болады. Зауыттың іске қосылуымен ілеспе мұнайгазын толық өңдеу және кәдеге жарату, атмосфераға зиянды заттарды шығаруды азайту, жалпы экологиялық жағдайды жақсарту, облыстың оңтүстік бөлігіндегі аудандарды газдандыру міндетін ойдағыдай шешуге мүмкіншілігі туады.