«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің әлеуметтік жауапкершілігі»

30.03.2021

2021 жылдың 25 ақпанында Ақтөбе облысының әкімдігі, “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС басшылығы және аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбек қатынастарын реттеу және қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелерінде іс-қимылдардың келісімділігі және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде тұрақты жұмыс істейтін мұнай-газ өндіру кәсіпорнының басшылығы барлық 558 жұмыс орнын сақтауға және Ұжымдық шарттың әрбір тармағын орындауға, атап айтқанда, қауіпсіз және тиімділігі жоғары еңбек  жағдайларын  жасауға және жақсартуға міндеттенеді.