«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Компаниясы 15-жылдығын атап өтті

18.11.2014

Мерейтойлық шаралар 1 қазанда кен орындарында басталды. Мереке Әлібекмола кен орнында жаңа әкімшілік-тұрмыстық корпустың ашылуымен тұспа-тұс келді. Салтанатқа жергілікті атқарушы ұйымдар мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Серіктестік басшылығы атынан Бас директор А.Ф.Шейкин вахтамен жұмыс істеп жатқан мұнайшыларды кәсіпорынның 15-жылдығымен құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Содан соң еңбекте жоғары табыстарға қол жеткізген қызметкерлерге «ҚазМұнайГаз», «Лукойл ОВЕРСИЗ» бен «KAZENERGY» медальдарын, грамоталарын табыстады. Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталғандарға сонымен қатар материалдық көтермелеу ретінде Бас директордың шешімімен «Электроника Планетасы» магазинінің арнаулы сертификаттары берілді.

Жаңа әкімшілік-тұрмыстық корпустың сахнасында облястық филармония артистері өз өнерлерін көрсетті. Жаста ұйымының өкілдері де есте қаларлық әдемі номерді орындады.

2-ші қазанда бас офисте «ҚазМұнайГаздың» жоғары мәртебелі өкілдерінің қөатысуымен салтанатты жиналыс өтті.

Кәсіпорында 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен қызметкерлер, сондай-ақ Компаниядан зейнетке шыққан еңбек ардагерлері швейцарлық сағаттармен марапатталды.

Ал сол күні кешкісін «Думаш» мейрамханасында үлкен банкет берілді. Сахнада арнайы шақырылған өнер жұлдыздары – «Royal» тобы, «Аққу» бишілер тобы, астаналық саксофонист пен домбырашы өз өнерлерін паш етті.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мұнайшыларын жергілікті әкімдіктердің, аналық компаниялардың, сондай-ақ мердігер ұйымдардың өкілдері шын жүректен құттықтап, тартуларын ұсынды.

Айта кететін жәйт, жалпы бұл кеш «Оскар» жеңімпаздарын марапаттау стилінде ұйымдастырылды. Сәнді лимузиндерден түскен қонақтар қызыл кілеммен жүріп өтті, оларды фотографтар қарсы алып, сартылдатып суретке түсіріп жатты. Осы кеште Компания бойынша Оскар сыйлығының лауреаттары – қоғамдық өмірге айрықша атсалысқан, белсенді қызметкерлер анықталды.

Салтанатта мерейтойға орай арнайы түсірілген «Путь длиной в 15 лет» атты видеофильм жұртшылық назарына ұсынылды. Фильм кейіпкерлері – Компания ардагерлері кәсіпорынның алғашқы қадамдары, өсу жолы жайында сыр шертіп, көпшілікке ой салды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бүгінде Ақтөбе облысы бойынша жетекші мұнай өндіруші компаниялардың бірінен саналады. Бүгін бізге 15 жыл!