«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Компаниясы қайта сертификаттаудан өтті
17.05.2011
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Компаниясында ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкестік жөнінде қайта сертификаттау аудиті жүргізілді.
2011 жылдың қаңтарында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ында «Bureau Veritas Certification» Компаниясының аудиторлары халықаралық стандарттарға сәйкстік жөнінде қайта аудит өткізді. Аудит барысында мыналар расталды:
- Компанияның менеджмент жүйесі стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді;
- Компания жоспарланған шараларды ойдағыдай жүзеге асырған;
- менеджмент жүйесі Компания саясатында белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті.
Өткен аудит нәтижелері мен жүйе тарапынан көрсетілген сертификаттаудың даму деңгейі мен кәмелеттіліктің негізінде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС менеджмент жүйесі ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттары бойынша қайта сертификаттауға ұсынылды. Сертификаттардың қызмет саласы: «Мұнай мен газды өндіру, дайындау және сату, бұған геологиялық зерттеулер, кен орындарын әзірлеу мен орналастыру да кіреді».
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ына паритеттік негізде Қатысушылар – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ пен Caspian Investments Resources Ltd. Кәсіпорын Ақтөбе облысы аумағындағы Әлібекмола мен Қожасай кмұнайгазконденсатты кен орындарын игеруде. 2010 жылы мұнай өндіру 976,1 мың тоннаны құрады.