«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-інің жыл сайынғы есеп беру жиналысы
07.04.2017
20 ақпанда Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың төрағалығымен Компания басшылығының «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС еңбек ұжымы алдындағы жыл сайынғы есеп беру жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Р.Н. Ізмұзанбет 2016 жылы бойынша «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-інің өндірістік-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы баяндама жасаған. Мұнай бағаларының төмендеуіне байланысты қиыншылықтарға қарамастан, Компания қызметкерлерге арналған әлеуметтік төлемдердің барлығын жоғары деңгейде сақтап және қызметкерлер санының қысқартылуын жол бермеген.
Жиналыс қорытындыларын жинақтаған кезде, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Компанияның оң жұмысын белгілелеп кеткен. Өңір басшысы Компания мен қызметкерлер арасында қол қойылып жасалған Ұжымдық шартқа ерекше назар аударған. Компанияның Ұжымдық шарты Ақтөбе облысы ең жақсылардың бірі болып табылады. 2009 жылы Қазақстанның ірі кәсіпорындар арасында өтетін Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша күміс жүрдесіне ие болған.
Облыс әкімдігі, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және аймақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында еңбек қарым-қатынастарын реттеу және қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелерінде әрекеттерді үйлестіру және өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.