«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Басқармасының 2023 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша қызмектерлермен есептік кездесуі.

18.03.2024

2024 жылғы 26 ақпанда “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС-де Қожасай кен орны мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен Әлібекмола кен орнындағы компания ұжымымен есеп беру кездесуі аясында 2023 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы Бас директор Қ.М. Қасымғалиев баяндама жасады, оның барысында өндірістік және қаржылық көрсеткіштер, қызметкерлерді қолдау шаралары, компанияның әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі іс-шаралар ұсынылды. Кездесу соңында басшылық ұжымнан сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдап, оларды шешу жолдарын талқылады.