«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері «Бірге – Таза Қазақстан» акциясына белсенді ат салысты
02.09.2019
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері екінші апта қатарынан республикалық экологиялық «Бірге-Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда.
Қазіргі таңда жалпыұлттық сипатқа ие болған аталған экологиялық акцияны өткізу туралы бастаманы экология, гелогия және табиғи ресурстар Министрі Магзум Мырзагалиев ұсынды. Біздің қаланың көптеген ұйымдары аталған бастамаға қолдау көрсетуде.
Мысалы, 17 тамызда Компанияның жас қызметкерлері сүйікті қаласын тазартуға ынта білдіріп, «Ақтөбе теңізі» қалалық жағажайының аумағын қоқыстан тазартты. 3 сағат ішінде 500 кг. астам қоқыс жиналып, қала шетіндегі қоқыс полигонына апарылды.
Осыған дейін Әлібекмола және Қожасай кен орындары қызметкерлері аталған акцияны қолдаған болатын.
Қызметкерлердің көмегімен кен орнына жақын орналасқан аумақ тазартылды.
Акцияға 42 қызметкер қатысты. 1500 шаршы м. аумақ қоқыстан тазартылып, жиналған қоқыс мердігерлік ұйыммен полигонға апарылды.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе облысындағы мұнай өндіру бойынша жетекші орындағы компаниялардың бірі. Мұнай өндіру және кен орындарын игеру бойынша Компанияның басымды бағыттарының бірі – азаматтардың қолайлы өмір сүруі мен қоршаған ортаның салауатты болуына құқықтарын қамтамасыз ету.