«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметі халықаралық стандарттарға сай

25.07.2014

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ында менеджмент жүйесін ISO 9001:2008 (Сапа менеджменті жүйесі), ISO 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі) және OHSAS 18001:2007 (Кәсіптік денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесі) халықаралық стандарттарға сәйкестік бойынша сертификаттау жұмысы аяқталды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қатарынан үшінші рет менеджменттің интеграцияланған жүйесінің даму сатысының жоғарылығы мен кемелділігін дәлелдеді, басқару процестеріндегі прогресс пен стандарттарға сәйкестікті қолдау қабілеттілігі атап өтілді.

2014 жылдың сәуірінде Компания BSI (British Standards Institution) Компаниясымен ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 стандарттарына сәйкестік бойынша сертификациялық аудит жүргізу жөнінен шарт жасасқан болатын. Сол жылғы сәуір-мамыр айларында аудиттің екі кезеңі ойдағыдай өтті, аудит нәтижелері бойынша, ең бастысы, Компанияның сәйкестік сертификаттарын алуға жоғары мүдделілігі атап өтілді, менеджменттің интеграцияланған жүйесінің қолданысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар берілді.

Сертификаттардың қолданыс саласы: «Мұнай мен газды өндіру және дайындау, мұнай мен газды өңдеу өнімдерін өткізу, бұған кен оырндары геологиялық зерттеу, әзірлеу және орналастыру да кіреді».

British Standards Institution – Стандарттардың Британдық Институты (бұдан әрі – BSI) стандарттаумен айналысатын байырғы және аса беделді ұйымдардың бірінен саналады. Көптеген менеджмент стандарттарын бастапқы әзірлеген де осы BSI және ол стандарттар мен сертификаттау саласындағы әлемдік заңнамашы ретінде жақсы танымал.

BSI-ді аудиторлық тобы Әлібекмола мен Қожасай кен орындарындағы өндірістік алаңдар мен бас офисте жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша атап өткендей, кәсіпорында өндірістік процестерді автоматтандырудың деңгейі жоғары, АСУТП (технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі) тиімді қолданылады, тұрақты бақылау қамтамасыз етіледі, персоналдың өнім сапасы процестеріне, сондай-ақ экология және жұмыс орындарындғы қауіпсіздікке қатысты біліктілігі мол. Менеджменттің интеграцияланған жүйесінің даму сатысының жоғарылығы мен кемелділігін негізге ала отырып, BSI аудиторлары ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттары бойынша Компанияны сетификататуға ұсынды.

Аудит нәтижелерін Компания Бас директоры Андрей Шейкин былайша бағалады: «Бұл аудит Компания қызметі мен басқару процестінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы бір мәрте дәлелдеді, демек, біздің Компанияның бағыт-бағдары қызметтің жоғары талаптарына сай. ISO сертификаттары стандарттауды, басқару жүйелерін одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді».