«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және ұрпақтар ынтымақтастығы Күнімен құттықтады.

26.10.2018

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС жыл сайын  қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және ұрпақтар ынтымақтастығы Күнін атап өтеді- бұл өте есте қалатын күн, жанымызда қолдау мен көмекке зәру мүмкіндігі шектеулі жандар жүргендігін еске салатын күн. Сондай-ақ , аға буын өкілдерін әрқайсымыз құттықтап , жақсы лебіздерімізді білдіре отырып, оларға қамқорлық пен жақсылық жасау.                                                                                                                                                                         

Қарт адамдар мен мүгедек жандар Күні   Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы мен Ақтөбе облысының «Қазақ зағиптар қоғамына» барып,  сыйлықтар табыстап, жақсы лебіздер білдіру – үрдіске айналған.

5 қазанда  Компания  Ақтөбе облыстық мүгедектер Қоғамы мен Ақтөбе облысының «Қазақ зағиптар қоғамына»   5 тонна картоп сыйлады. Аталған қайырымдылық акциясын Компания жыл сайын қолдап отырады, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы К.Битиков:  «Осындай көмек бұрынғы төрағамыз Чемодановтың кезінен бастап 6 жыл қатарынан көрсетіліп келеді, енді міне біздің қоғамның мүшелері жыл сайын картопты күтіп отырады, біз үшін бұл үлкен көмек» дейді.    

Мүмкіншілігі шектеулі жандар әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж және Компания әрбір  мұқтаж жанға көмек пен қамқорлық беру үшін барлық жағдайды жасайды. Осындай ісшараларды жүргізудің  мүмкіншілігі шектеулі жандар үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызы зор, сондай-ақ  аталған мәселе    «Қазақойл Ақтөбе»  компаниясының басты назарында.

Қолымыздан келгенше- жылы сөзімізбен, ісімізбен, әдемі күлкімізбен мұқтаж жандарға бар жақсылықты жасайықшы!   
Барлық мүмкіншілігі шектеулі жандарға шыдамдылық, сабырлылық, түсіністік тілей отырып, тағдырдың сынақтарын жеңіп шығуын тілейміз. Аға  буын өкілдері – біздің ерекше мақтанышымыз және оларға  ерекше қамқорлық жасаймыз.

Құрметті біздің зейнеткерлер мен ардагерлер, сіздердің өмір жолдарыңыз даналық пен бай тәжірибеден тұрады. Сіздер – жастардың тірегі,  тәлімгер ұстазы және балалар мен немерелеріңіздің сенімді көмекшілерісіздер.