«Қазақойл Ақтөбе» Компаниясы жас мамандарының кеңесі
26.01.2011
2010 жылдан бастап Компанияда жас мамандардың кеңесі жұмыс істейді, оны төраға басқарады. Кеңес мүшелері қалада және облыста өткізілетін маңызды шараларға – акциялар мен марафондарға, шерулер мен эстафеталарға белсене қатысады. Мысалы, қазан айында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастар акциясының аясында жас мамандар Мұғалжар ауданындағы Жем қаласында (бұл қала Әлібекмола кен орнына жақын орналасқан) сенбілік ұйымдастырды, ал қаңтар айында Ақтөбе қаласында «Астана-Алматы-2011» 7-ші Қысқы Азия ойындары алауының эстафетасына қатысты.
Бас директор А.В. Решетневтің бастамасымен 30 желтоқсанда, Жаңа жылдың қарсаңында жас мамандар кеңесінің мүшелері кәсіпорын шефтікке алған Алға балалар үйіне барып, жасөспірімдерге сый-сияпат жасады. Қуанарлығы сол, балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайыпты, қазір онда 378 бала бар, бұрын 500-ден астам болған екен. Компания атынан жас қызметкерлер жеткіншектерге жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. Бұған қоса мұнайшылар қауымы атынан ұжым мүшелерінің өз еркімен жинаған жеке қаражаттарына сатып алынған плазмалық теледидарлар, DVD-күйтабақ ойнатқыштары, әр түрлі ойыншықтар мен тәтті тағамдар тарту етілді. Осылайша біздің жас қызметкерлеріміз әлеуметтік көмекке зәру жандарға әрдайым көмекке келуге әзір және олар мұндай құлшыныстарын игі істерімен дәлелдеп келеді де.
Компания бойынша жарияланған «Болашак» акциясы аясында Алға балалар үйінің жеке өмірге жаңа қадам басқан, баспаналы болған кешегі тәрбиеленушілерін жиһазбен, тұрмыстық заттармен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді.
Жаңа жыл қарсаңында Әлібекмола кен орнында вахталық әдіспен еңбек ететін қызметкерлермен қауышу офис жастары үшін есте қаларлықтай елеулі оқиға болды. Кеңес мүшелері кен орнындағы барлық өндірістік нысандарға барып, мұнайшыларды Жаңа жылмен құттықтап, ән мен жырдан шашу шашты, ал кешкісін «Мұнайшы» вахталық кентінде мерекелік концерттік бағдарламаны көрсетті.