«Қазақойл Ақтөбе» Компаниясы балаларды қорғау Күнін жоғары дәрежеде атап өтті.

18.06.2019

Бұл жерде қызметкерлер балаларына және кен орындарына жақын жерде орналасқан елді мекендерде тұратын балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арнап іс-шаралар өткізіледі. Мүмкіндікке орай,  Ақтөбе облысының барлық жұртшылығы қамтылады.

30 мамырда 250 мүгедек балаларға арнап, жас мамандар Кеңесімен және жас қызметкерлермен тәтті тағамдар сатып алынды.   Ақтөбе облысының мүгедектер қоғамымен «Алақай» қуыршақтар театрына барып,  біздің жас мамандарымыз балаларға тәтті тағамдар сыйлап, нағыз  қуаныш мерекесін ұйымдастырды. «Жас мамандардың  компания өмірінен тыс қалмай мұқтаж адамдарды қолдауда белсенділік танытатындығына өте қуаныштымын. Жастар балаларға ғана емес, сол сияқты ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларына да көмек көрсетуде. Мен олардың игі істерін қолдаймын, оның үстіне 2019 жыл Жастар жылы деп аталады.» – деп Бас директор  Ізмұханбет Ринат өз пікірін білдірді.

2 маусымда қызметкерлердің балаларына арнап «Капитан-Бриг» парк-аттракционында мереке ұйымдастырылды. Бұл ашық аспан астындағы ең үлкен парк, онда карусельдер,   батуттар, фонтандар орналасқан. Балалар сағат таңғы 10-нан түнгі  12 дейін еш кедергісіз паркте серуендеп қыдырды, тамақпен қамтамасыз етілді.    Компания  біздің балаларымыздың жан-жақты дамуының маңыздылығын жақсы сезінеді және балалар мен олардың ата-аналарының бірігіп уақыт өткізуіне жағдай туғызады, себебі көпшілігінің ата-аналары кен орынында жұмыс жасайды. 

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС үстіміздегі жылы өзінің 20-жылдығын тойлайды. Осы мереке қарсаңында келісімшарттық аумаққа жақын жерде орналасқан елді мекендерде тұратын балаларға арнап сурет салу Байқауы ұйымдастырылды.  Ай бойы балалар суреттер салып, бізге кеңсеге жіберіп отырды. 87 жұмыстың ішінен ең үздік 20-сы таңдап алынып, оларға 20 велосипед сыйланды. 10 қатысушыға  көтермелеу сыйлықтар табыстылды.  

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының экология департаменті жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында,  Балаларды қорғау Күні қарсаңында  «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» Байқауын өткізеді. Дәстүр бойынша  Компания жыл сайын аталған байқауды қолдай отырып, балаларды, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін құттықтайды. Осы жылы да  А3  форматындағы түрлі-түсті принтер сатып алынып, Жайсаң арнайы балалар –интернатына жолданды.