«Қазақойл Ақтөбе» атынан тағзым…
21.06.2013
Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдары артта қалған сайын майданда от кешкен ардагерлердің саны да біртіндеп азайып келеді. Майдангерлер, майдангер жесірлері, тыл еңбекшілерінің қатары жылдан жылға сиреп барады. Биыл Ұлы жеңістің 68-жылдығын қарсы алғанда бұған тағы бір мәрте көз жеткізгендей күй кештік, шыны.
Сондықтан да облысымыздағы ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың бірі – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС ұжымының мүшелері үшін 9 мамыр қарсаңында аман-сау ардагер қарттарымыздың жадыраған жүздерін көру бір үлкен ғанибет болды. 1999 жылдан бері Серіктестік Мұғалжар және Байғанин аудандарында орналасқан Әлібекмола мен Қожасай мұнайгазконденсатты кен орындарын игеріп келеді. «Қара алтын» өндірілетін аумақта тұратын халық қашан да әлеуметтік тұрғыдан жауапты қызметкердің назарынан бір де тыс қалып көрген емес. 8 мамырда «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС басшылығы атынан Серіктестік Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлім ІЗІМБЕТОВ соғыс ардагерлерімен, майдангер жесірімен, тыл еңбеккерлерімен және Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлермен жүздесті.
Әрине, бұл мейрамда қаза болғандарды еске алмау, аза тұтпау тіпті де мүмкін емес. Қаншама боздақтар майдан даласынан оралмады, қаншама жандар тағдыр тәлкегіне ұшырады, қаншама жауынгерлер еш хабар-ошарсыз жоқ болды?! Тіпті қаза тапқан туысқанының қабірінің басына барып, атамекен топырағын сеуіп, тағзым ете алмайтындарға не дерсіз?…
Міне, БАЙҒАНИН ауданындағы Қарауылкелді селосының тұрғыны Ауғанстанда, Совет Армиясының шектеулі контингенті қатарында қызмет еткен жауынгер-интернационалист Құралбай ҚАРМЫСОВ 8 мамырда аудандық әкімдікте өткен салтанатты жиналыста өткенді еске ала отырыр, көз жасына ерік берді.
– Жан жарасы мен дене жарақаты ақыры жауынгер жолдасым Нағашыбайды ажал ауылына алып кетті. Бірақ ол басқа да жауынгерлер сияқты есімізден шықпақ емес, – деп жұбатты қазір аудандық оқу бөлімініде инспектор болып жұмыс істейтін Құралбай Қармысов Нағашыбайдың жесірі Гүлжахан ҚҰЛАМАНОВАҒА.
Бүгінде Байғанин ауданында көзі тірі үш-ақ соғы ардагері тұрады, олар – Бейнал ШЫНДАУЫЛОВ, Камаладин ҚАБИ және Нұран КАЛИМАҒАМБЕТ және ауған соғысына қатысқан 11 интернационалист-жауынгер бар.
Соңғылардың бесеуі – Асеры АЛҒАЗИН, Иңірбай БАЗАРБАЕВ, Сағынтай ЖҮРСІНОВ, Серуен ҚАНАТБАЕВ және Құралбай Қармысов аудан әкімінің қабылдауына шақырылды. Ұлы Отан соғысының ардагерінің жесірі Алтын Көшкінбаева мен ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгердің жесірі Гүлжахан ҚҰЛАМАНОВАҒА Серіктестік Бас директорының орынбасары бағалы сыйлықтарды – соны модельдегі теледидарлар мен шаңсорғыштарды табыс етті.
– Біз үшін соғыс ардагерлерімен кездесу, құттықтау – үлкен бір ғанибет, – деді Сәлім Ізімбтов өз сөзінде. – Мен өзім майдангердің баласымын, сондықтан да жеңістің оңайлықпен келмегенін жақсы білемін. Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Өмір жастарыңыз ұзақ болғай. Жамандық, қатер-қауіп атаулы сіздерді айналып өтсін. Жайлы тірлік кешуге сіздердің еңбегіңіз мықтап сіңді. Сіздің жауынгерлік ерліктеріңіз ешқашан да ұмытылмайды.
Ал осыдан екі күн бұрын, 6 мамырда дыл осындай су жаңа теледидарлар Ақтөбе қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері Владимир ЩЕНЯЦКИЙ мен Ксения МАНЬКОҒА тарту етілген-ді.
Компания басшылығы атынан оның өкілдері – Сәлім Ізімбетов пен жұршылықпен байланыстар жөніндегі менеджер Гауһар БОРАШЕВАНЫҢ қолынан бағалы сыйлықтар алғанда МҰҒАЛЖАР ауданы Батпақкөл селолық округінің Қожасай мен Жаркемер ауылдарынада тұратын үш тыл ардагері – қадірменді апайлар қуаныштарын жасыра алмай, алғыстарын жаудырып жатты.
Бейбіт күннің шырайлы күндері жайлы әңгіме Қарауылкелдідегі отырыста кеңінен тарқатылды. Десек те, 90 жастағы көнекөз қария Нұран Қалимағамбет осы кездесудің басты кейіпкеріне айналды. Нұран ақсақал мен соғыс және еңбек ардагерлерінің Байғанин аудандық кеңесінің төрағасы Ибрагим ЕРМЕКБАЕВ мұнайшыларға жасаған қамқоршылықтары мен ыстық ықыластары үшін ағалық алғыс сезімдерін білдірді.
Өзекті әңгімені жалғастыра отырып, Байғанин ауданының әкімі Мамырғали АҚҚАҒАЗОВ былай деді:
– Бұл кездесуге бастамашы болған «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС. 22 байғаниндік Әлібекмола мен Қожасай кен орындарында еңбек етеді. Жер қойнауын пайдаланушының ауданнның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесі жоғары. Мәселен, бір ғана «Арай» бағдарламасының көмегімен біздің 67 жерлесіміз кіші кәсіпкерлікпен шұғылдануда. Серіктестік қашан да біздің талап-тілектерімізді аяқсыз қалдырмайды.
Жаңа жыл болсын, 1 маусым болсын, бірде-бір мерекеміз демеушілеріміздің қатысуынсыз өтпейді. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке – жол» қайырымдылық акциясы аясында мұнайшылар қол ұшын беріп жүр, ондаған балаға тарту-таралғы жасап, кеуделеріне қуаныш сезімін ұялатты.
Сіздерге көп рахмет. Жақсы дәстүр жалғасын тауып, алдағы уақытта да жаңа жобаларды бірге жүзеге асырамыз деп сенем, – деп сөзін қорытқан аудан әкімі Компания өкілдеріне «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры Андрей РЕШЕТНЕВТІҢ атына жазылған Алғыс хатты табыс етті.
– Серіктестік ұжымы үшін ел тарихын қастерлеу – қасиетті борыш. Аға ұрпақтың осы сұрапыл соғыстағы жеңісінің шежіресі жастарды патриоттық тухта тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді, – деді орайы келгенде Сәлім Ізімбетов.
Және де осы бағытта кәсіпорындағы жас мамандар мен жас қызметкерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің (жетекшісі Бағдат ЕЛТЕЗЕРОВ) құптарлық істерін атап өтті.
9 мамырда жас мұнайшылар арнайы үйлеріне барып, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері Гаврила СОСКОВТЫ Владимир ЯРОВЕНКО мен Ивана ХОДУСТЫ Жеңіс мейрамымен құттықтады.
Ардагерлерге деген құрметін сөзбен жеткізіп қана қоймай, жастар іспен де дәлелдеді: өз еріктерімен қаржы жинап, майдангерлерге сыйлықтарын тарту етті. Риза болып, көздеріне жас алған ақсақалдар: «Ықыластарыңызға мың да бір рахмет. Соның өзі біз үшін үлкен демеу, қолдау ғой!» – деп ағынан жарылып жатты. Жастар сыйлаған ыдыс сервиздері мен жар сағаттарының қарттардың үйлеріне көрік беретіні сөзсіз.
9 мамырға арналған тартулар Мұғалжар ауданындағы Жем қаласында өткен салтанатты шеруден соң, ал денсаулық жағдайларына байланысты шеруге қатыса алмаған ардагерлерге үйлерінде табысталды.
12 мамырда Серіктестің жас мамандары дәстүрге сай ардагер Иван Ходустың үйіне барып сенбілік өткізді: кішігірім жөндеу жүргізіп, ауланы тазартты, көркейтті. Бұл ақсақалға жастар екінші жыл қатарынан көмеке келіп отыр.
Сонымен қатар Серіктестік тарапынан соғыс өрті шалған аумақтарда болған әріптестер де қашан да назардан тыс қалмайды. Қазір Компанияда ауған соғысына қатысқан, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген үш интернационалист-жауынгер жұмыс істейді. 9 мамыр қарсаңында олар ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Бұл ұжымда фашистік концлагерьдің тұтқыны болған кітап түптеуші Лидия БУРАЯ – айрықша ықыласқа бөленген жан. Ол Серіктестікке шарт негізінде қызмет етесе де, ЖШС басшылығы, міне, үш жыл қатарынан ұлы мейрам сайын қартқа ұмытпастан құрмет көрсетіп келеді, ақшалай сыйлықпен де марапаттайды.
Жалпы мынаны атап өту қажет: ардагерлерге құрмет көрсету – бұл «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік бағдарлама шараларының бір парасы ғана. Аталған бағдарлама аясында Компания халықтың әлжуаз топтарына: жетім балаларға, қарттарға, мүмкіншіліктері шектеулі жандарға және аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде демеушілік көмек көрсетіп келеді.
14 жылдық қызметі ішінде «Қазақойл Ақтөбе» өзін өңірдегі мұнай-газ өндіру саласындағы әлеуметтік тұрғыдан жауапты кәсіпорын ретінде іс жүзінде таныта білді. Сарапшылардың пікірінше, бұл табыстың негізі – ол жоғары өндіріс қарқыны, мұнайшылардың жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігі.
Және де шекаралас өңірде аталған Компанияның стратегиялық әріптестер – Қазақстан мен Ресей арасындағы табысты ынтымақтастықтың үлгісі ретінде де көпке танымал екендігін атап өтсек, артық болмас.
Ляззат ЕГИБАЕВА