«Қауіпсіздік баланың көзімен» сурет байқауы

19.06.2024

ҚМГ ҰК АҚ Компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында, 2024 жылғы 02-24 мамыр аралығында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Компания қызметкерлерінің балалары арасында «Қауіпсіздік баланың көзімен» тақырыбында суреттер байқауы жарияланды.

«Қауіпсіздік баланың көзімен» суреттер байқауы балаларды қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне үйретудің маңыздылығын атап өтуге арналған. Қатысушылар өз суреттерінде қауіпсіздік шешуші рөл атқаратын жағдайларды суреттеді: көшеде, мектепте, үйде немесе спорт кезінде. Балалар жолдан қалай дұрыс өту керектігін, спортпен шұғылдану кезінде қорғаныс құралдарын пайдалану, от пен электр қуатын пайдалану, сондай-ақ төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін суреттеді.

 Байқауға 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Нәтижесінде 18 жұмыс жиналды. Конкурстық комиссия үздік үш жұмысты анықтады:

1 орын-Тельмагамбетов Саят;

2 орын – Бекетов Расул;  

3 орын- Бектурсынова Аянат.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына балалар дүкенінен грамоталар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.