Өңірлердегі әлеуметтік бастамалар
03.12.2025
«Казахойл Актобе» ЖШС өңірдегі инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған белсенді әлеуметтік саясатын жалғастыруда.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында «Казахойл Актобе» ЖШС жергілікті қауымдастықтарды қолдауға, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға және өңірдің әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Осы жұмыстың жарқын мысалдарының бірі – бүгін Мүгалжар ауданының орталығында өткен жаңа футбол алаңының салтанатты ашылуы. Спорт нысаны «Казахойл Актобе» ЖШС-нің қолдауымен салынды және өңір жастары арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға әрі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа алаң қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай жабдықталып, жаттығу жүргізуге де, түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастыруға да қолайлы.
Іс-шара аясында компания аудандағы балаларға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетіп, екі «Газель» автокөлігін сыйға тартты. Көлік оқушыларды тасымалдау, спорттық және мәдени іс-шараларға бару, сондай-ақ өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған басқа да әлеуметтік міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын болады.
«Казахойл Актобе» ЖШС басшылығы компания тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа алып, өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған бастамаларды одан әрі де жалғастыратынын атап өтті.



