Жаңа жыл қарсаңындағы игі дәстүр 🎁
30.12.2025
Жаңа жыл мерекесі алдында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС әлеуметтік осал санаттағы, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды дәстүрлі түрде құттықтады.
Осы жылы кен орындарына іргелес аумақтарда тұратын балалар мен Ақтөбе қаласындағы қоғамдық ұйымдарға 1700 сыйлық тарту етіліп, олардың жалпы құны 6,5 млн теңгеден асты.
✨ Балаларға қуаныш сыйлау — біздің ортақ міндетіміз.




