“KMG Skills” кәсіби шеберлік
24.11.2025
Атырау қаласында өткен “KMG Skills” кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС үш қызметкері жүлделі орындарға ие болды!
Технологиялық сорғы машинисі номинациясында бірінші орынды Рустам Құлсүгіров, “Компрессорлық қондырғылар машинисі” номинациясында екінші орынды Кенжебай Шашков, ал “Технологиялық қондырғылар операторы” номинациясында үшінші орынды Мейірғали Ешбаев иеленді.
Әріптестерімізді тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа еңбек табыстарын тілейміз! Мықты денсаулық және жұмыста сәттілік!



