Компания қызметіндегі негізгі оқиғалардың хронологиясы

Қыркүйек 1999

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС құрылды.

Шілде 2000

«Нельсон Рисорсиз» «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ына тікелей қатысудың 50% үлесін сатып алды.

Сәуір 2001

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын сынамалы-өнеркәсіптік пайдалану жобасын мақұлдады. Кен орнында жұмыстар басталды.

Наурыз–Желтоқсан 2001

Кәсіпшілік жолдары, жинау линиялары, лагерьлер мен имараттар салынды.

Сәуір 2001

Әлібекмола кен орнында 190 км2 алаңды қамтитын көлемді 3Д сейсмикалық барлау басталды.

Шілде 2001

Әлібекмола кен орнында №51 алғашқы ұңғыманы бұрғылау басталды.

3 желтоқсан 2001

Әлібекмола кен орнында тұңғыш рет мұнай алынды.

Мамыр 2002

«ҚазТрансОйл» Компаниясы Әлібекмола - Кенқияқ және Кенқияқ - Атырау мұнай құбырларының құрылысын бастады.

Тамыз 2002

Қуаты тәулігіне 1 300 тонна мұнай дайындау пунктінің құрылысы аяқталды.

Қыркүйек 2002

Әлібекмола - Кенқияқ мұнай құбырының құрылысы аяқталды.

Желтоқсан 2002

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын толық масштабты игеру жобасын (технологиялық сұлбасын) бекітті.

Желтоқсан 2002

Қожасай кен орнында 230 км2 алаңды қамтитын көлемді 3Д сейсмикалық барлау аяқталды.

Қаңтар 2003

Мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысы (қуаты тәулігіне 1 300 тонна) іске қосылды.

Сәуір 2003

Бүгінгі күні Әлібекмола кен орнындағы ең жоғары дебитті ұңғыма – №55 ұңғыма пайдалануға берілді.
Кенқияқ – Атырау мұнай құбырының құрылысы аяқталды.

Сәуір 2003

Мұнай өндіру тәулігіне 1 000 тоннадан асты. Каспий Құбыр Консорциумымен тасымал жөнінде келісім-шарт жасалып, құбырмен мұнай тасымалдау басталды.

Мамыр 2003

«Келлог энд Браун Рут (Halliburton)» Компаниясымен келісім-шартқа қол қойылды.

Маусым 2003

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Қожасай кен орнын сынамалы пайдалану жобасын бекітті.

Тамыз 2003

№58 ұңғыма іске қосылды. Тәулігіне 1500 тонна мұнай өндіруге қол жеткізілді.

Желтоқсан 2003

Қожасай кен орнын игеру басталды, №98 ұңғымадан алғашқы мұнай алынды.

Мамыр 2004

Мұнай дайындау пунктінің өнімділігін тәулігіне 3 300 тоннаға арттыру жөніндегі жұмыстар аяқталды.

Маусым 2004

«Әлібекмола Нефтестрой» консорциумымен ЕРС Келісім-шарты жасалды.

Шілде 2004

Игеру басталғалы Компания бойынша алғашқы миллион тонна мұнай өндірілді.

Тамыз 2004

Компания бойынша мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 3 300 тоннаға жетті.

Қыркүйек 2004

Компанияның құрылғанына 5 жыл толды.

Қыркүйек 2004

Әлібекмола кен орнының солтүстік бөлігін игеру басталды.

Желтоқсан 2004

Компания Іскерлік Практикадағы Жоғарғы Сапа Үшін Қорының (Женева, Швейцария) «Іскерлік Практикадағы Жоғарғы Сапа Үшін» Алтын медалімен марапатталды. 
Әлібекмола кен орнында вахталық кенттің құрылысы аяқталды.

Сәуір 2005

Әлібекмола кен орнында блокты-тораптық сорғы станциясы пайдалануға берілді.

Қыркүйек 2005

Caspian Investments Resources Ltd Компаниясы «Нельсон Рисорсиз» активтерін сатып алды.
Әлібекмола - Қожасай кәсіпшілікаралық автожолы (65 км) пайдалануға берілді.

Қазан 2005

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі Газды кәдеге жарату бағдарламасын бекітті.

Қараша 2005

Қожасай кен орнын сынамалы пайдалану мерзімі 2007 жылдың аяғына дейін ұзартылды.

Маусым 2006

Әлібекмола кен орнының солтүстік бөлігінде эксплуатациялық бұрғылау басталды.

Маусым 2006

Кенқияқ - Әлібекмола – Ембі 110 кВ жоғары вольтті электр желісі және Әлібекмола кен орнында 110/35/6 кВ қосалқы станциясы іске қосылды.

Қыркүйек 2006

Әлібекмола - Қожасай 35 кВ жоғары вольтті электр желісі және Қожасай кен орнында 35 кВ қосалқы станциясы іске қосылды.

Қыркүйек 2006

«Солтүстік-1» автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы (мұнай-газ жинайтын коллекторымен бірге) іске қосылды.

Қыркүйек 2006

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Қожасай кен орнын сынамалы пайдалануға талдау жасау жобасын бекітті.

Желтоқсан 2006

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын пайдалануға талдау жасау жобасын бекітті.

22 желтоқсан 2006

Қожасай кен орнында Жем өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.

Қазан 2007

Демеушілік көмек аясында Жем қаласында балалар бақшасы ашылды.

Желтоқсан 2007

Қожасай кен орны мен Әлібекмола кен орнындағы мұнай дайындау қондырғысын жалғайтын мұнай құбыры салынды.

Желтоқсан 2007

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Әлібекмола кен орны қорларының қайтадан жасалған есебі мен мұнай алу коэффициентінінің техникалық-экономикалық негіздемесін бекітті.
Қожасай кен орнында сынамалы түрде су айдау басталды.

Желтоқсан 2007

Менеджменттің ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестігі туралы сертификат алынды. ИСО 14001:2004, ОКСАС 18001:2007 талаптарына сәйкестілікті анықтау үшін сертификаттау алды аудит өтті.

Қаңтар 2008

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Қожасай кен орны қорларының қайтадан жасалған есебі мен мұнай алу коэффициентінінің техникалық-экономикалық негіздемесін бекітті.

Наурыз 2008

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі орталық комиссиясы «Қожасай кен орнын игерудің технологиялық жобасы» құжатын бекітті.

Наурыз 2008

Компанияның менеджмент жөніндегі интеграцияланған жүйесі ИСО 14001:2004, ОКСАС 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі сертификатталды.

Сәуір 2008

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі орталық комиссиясы Қожасай кен орнын игерудің технологиялық жобасын бекітті.

Тамыз 2008

Компания бойынша Әлібемола мен Қожасай кен орындарын игеру басталғалы 5 млн. тонна мұнай өндірілді.

Қазан 2008

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын игерудің нақтыланған технологиялық сұлбасын бекітті.

Қазан 2008

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі Газды кәдеге жарату бағдарламасын жүзеге асыру мерзімін 01.06.2011 жылға дейін ұзартты.

Қаңтар 2009

ИСО 9001:2008, ИСО 14001:2004, ОКСАС 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестік жөнінде қадағалау мақсатындағы алғашқы аудит өтті.

Наурыз 2009

10.03.2009 ж. «МГҚК Казстройсервис» АҚ-ымен «УКПГ-50 Әлібекмола» және «УПГ Қожасай» газды кәдеге жарату нысандарының құрылысы туралы Шартқа қол қойылды.

Наурыз 2009

Әлібекмола кен орнын игеру басталғалы 5 млн тонна мұнай өндірілді.

Мамыр 2010

Компания мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мамыр 2010

«Арай» әлеметтік серіктестік бағдарламасы аясында өткізілген конкурстың 57 жеңімпазына грант сертификаттары табыс етілді.

Мамыр 2010

Ілеспе газды кәдеге жарату туралы Мемлекеттік Бағдарламаның және Ақтөбе облысын индустрияландыру жөніндегі өңірлік Картаның аясында Әлібекмола кен орнында ілеспе мұнай газын өңдеу зауытының құрылысы басталуы құрметіне капсула салынды. Газ зауытының жобасы бойынша «УКПГ-50 Әлібекмола» және «УПГ Қожасай» нысандарын салу көзделген.

Тамыз 2010

Қожасай кен орнында қойнауқат қысымын қолдау жүйесі пайдалануға берілді.

Желтоқсан 2010

«Қожасай кен орнындағы мұнай дайындау қондырғысын кеңейту» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.

Ақпан 2011

Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға рұқсат алынды.

Желтоқсан 2011

Интустрияландыру күні аясында Қазақстан Республикасының Президентті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық телекөпір барысында Ақтөбе облысының әкімі «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының газ өңдеу зауытын салтанатты түрде іске қосты.

Наурыз 2013

ҚОА бойынша Әлібекмола мен Қожасай кен орындарын игеру басталғалы мұнай өндіру 10 млн. тоннаға жетті.