Компания туралы

 
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бірінші басшысының БЛОГЫ:

Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы

Бас директор

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және Caspian Investments Resources Ltd (Sinopec) тепе-теңдік негізінде компания қатысушылары болып табылады) 1999 жылдан бастап Ақтөбе облысындағы Әлібекмола мен Қожасай мұнайгазконденсатты кен орындарын игеру жұмыстарын жүзеге асырады.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе облысындағы мұнай-газ өндіру секторының ірі компаниясы және мұнай өндіру, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік саласындағы көшбасшылар қатарындағы беделге ие. Бұндай жетістіктердің негізі мұнай өңдірісі өрлеуінің биік қарқыны, сонымен қатар қызметкерлердің биік құзыретімен қәсіпқойлығы, озық технологияларға бағдарлы ұмтылысы.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметтерінің басты бағытының бірі әлеуметтік саясат, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына жағдай жасауға және еңбек ұжымдарында тұрақтылық орнатуға бағытталған. Әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі компанияға білікті мамандарды тарттыруға мүмкіндік береді, кадрлардың тұрақтамауын төмендетеді, және жемісті өндіріс қызметінің негізі болып табылады.

Қайырымдылық пен демеушілік Серіктестіктің әлеуметтік бағдарламасы аясындағы басым бағыттар болып табылады. Компания әлеуметтік бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына: жетім балаларға, ардагерлерге, карияларға, мүмкіндіктері шектеулі жандарға, жағдайы аздау отбасыларға демеушілік көмек көрсетіп келеді.

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мұнай шығару және кен орнын игеру жұмыстарын өткізерде компанияның басты басымдылықтарының бірі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ете өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы орта қалыптастыру. Осыған орай, Халықаралық стандарттар талаптарына сай еңбек қауіпсіздігі және қоршаған орта туралы бағдарлама дайындалып енгізілді.